23.05.2022, 14:30
Жаңалықтар
Олжас Сүлейменов жаңа партия құратынын мәлімдеді
Ол әрбір қазақстандыққа ұлттық ресурстардан кепілдендірілген табыс түсуі қажеттігін атап өтті
Ақын Олжас Сүлейменов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан халық конгресі» деген жаңа партия ашатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Elorda.info сайтына сілтеме жасап.
Ол баспасөз өкілдерімен кездесуде жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін, әрбір қазақстандыққа ұлттық ресурстардан кепілдендірілген табыс түсуі қажеттігін атап өтті.
«30 жыл бұрын халық конгресі айтқан сөзді, яғни жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайталады», – деді Олжас Сүлейменов.
Сондай-ақ ақын партия құратыны туралы хабарландыруға қол қойып, тиісті органға жолдағанын хабарлады.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды