Түркістан облысында бақташы иесінің 200-ден аса асыл тұқымды малын сатып жіберген

Azattyq Rýhy

Иесіне 16 млн теңгеден аса шығын келді

Түркістан облысында бақташы иесінің 200-ден аса асыл тұқымды малын сатып жіберген
Фото ашық дереккөзден

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның мал бағатын бақташыларының бірі сеніп тапсырылған асыл тұқымды қойларының ішінен әрқайсысы 70 000 теңге тұратын 200-ден астам малын талан-таражға салған. Бұл туралы Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, жәбірленушіге келген шығын көлемі – 16 000 000 теңгеден асады.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Анықталғандай күдікті жәбірленушінің бақташысы, Арыс қаласының тұрғыны болып шықты. Ол 2021 жылдан бастап бағып жүрген малдарын, яғни бөтеннің мүлкін шетінен сата берген. Ол өзінің несиелері мен қарыздарын өтеу үшін қылмысқа барғанын мойындады.

Қазір күдікті қамауға алынды, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қырағы болуды және малын бейтаныс адамдарға бақтырмауды кеңес етеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.