20.06.2022, 14:32
Жаңалықтар
Қазақстанда халықтан ұсыныстар жинау платформасы іске қосылады
Ұсыныстарды жинау осы жылдың 1 тамызына дейін жалғасады
Фото: ашық дереккөзден
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына арналған электрондық платформа Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтында құрылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, жобаны іске асыру шеңберінде АБҚО ресми сайтында қазақстандықтарға өзекті мәселелерді шешу бойынша өтініштер мен ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беретін «Birgemiz» краудсорсингтік платформасын іске қосады.
Ұсыныстарды жинау осы жылдың 1 тамызына дейін жалғасады. Бұдан әрі халықтың қажеттіліктеріне сәйкес келетін ұсыныстар егжей-тегжейлі талданып, мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.
АБҚО ресми интернет-ресурсына сілтеме: https://cisc.kz/kk/15062022
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді