Қазақстанда ПИК жұмысы бір жылға ұзартылды

Azattyq Rýhy

Заң жобасы Президентке қол қоюға жіберілді

Қазақстанда ПИК жұмысы бір жылға ұзартылды
Фото: tengrinews.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары палатаның жалпы отырысында сенаторлардың ПИК мерзімін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы заң жобасына енгізген түзетулерімен келісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мұндай норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілді.

Депутат Дүйсенбай Тұрғанов Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар Алматы қаласындағы жылжымайтын мүлікті тіркеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның қызметі мен құрамын нақтылауға, ҚР Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық-құқықтық нысанын айқындауға және оның негізгі қызметін реттеуге, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқарудың Мүлік иелерінің бірлестігі мен Қарапайым серіктестік негізіндегі жаңа нысандарына көшу мерзімін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартуға бағытталған.

«Экология және табиғатты пайдалану комитеті Мәжіліске осы заң жобасына ҚР Парламенті Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісуді ұсынады», - деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Осылайша, құжат Парламентте қабылданды деп есептеліп, Президентке қол қоюға жіберілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.