Әлемде маймыл шешегін жұқтырған балалар саны көбейген

Azattyq Rýhy

58 елде маймыл шешегін жұқтырудың 6 мыңнан астам дерегі анықталып отыр

Әлемде маймыл шешегін жұқтырған  балалар саны көбейген
Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалар арасында маймыл шешегін жұқтырғандар саны көбейе бастағанын растады. Бұл туралы 6 шілдеде өткен брифинг барысында ДДСҰ төтенше жағдайлар бағдарламасының шешекпен күрес жөніндегі хатшылығының басшысы Розамунд Льюис мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Балалардың маймыл шешегін жұқтырғаны туралы мәліметтер бар. Бүгінде олардың үштен бірі 10 жасқа дейінгі балалар болса, ал жартысы бес жасқа дейінгі балалар», - деді Р. Льюис.

Ол кішкентай балалар «үй жағдайында жұқтыруы мүмкін» деді. Ал 18-19 жас аралығындағы науқастардың аталған вирусты жұқтыру себебі әлі толық зерттелмеген.

Соңғы уақытта әлемнің 58 елінде маймыл шешегін жұқтырудың 6 мыңнан астам дерегі анықталып отыр. Ал инфекцияның таралу жолдарын мамандар әлі толық зерттей алмай отыр. ДДСҰ төтенше жағдайлар комитеті маймыл шешегі індетін «төтенше жағдай» деп танып, инфекцияның таралуын бақылауға шақырды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.