Елімізде «QazBioPharm» биофармацевтикалық холдингі құрылады

Azattyq Rýhy

Холдинг ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде құрылады

Елімізде «QazBioPharm» биофармацевтикалық холдингі құрылады
Фото: ашық дереккөзден

 Елімізде «QazBioPharm» биофармацевтикалық холдингін құрылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, Мемлекет басшысының елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шараларға қатысты тапсырмасын орындау шеңберінде мынадай шаралар қабылданды.

- «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды;

- «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-ның «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-да мемлекеттік тіркеуі өткізілді;

- «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-ның ҚНРДА-да жарияланған акцияларының шығарылуына мемлекеттік тіркеу жүргізілді;

- Холдингтің қызметін қамтамасыз ету үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 380 млн теңге сомасында қаражат бөлінді.  

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.