Бүгін еліміздің кей аумағында қатты жел соғып, жаңбыр жауады

Azattyq Rýhy

Республиканың батыс бөлігінде қатты ыстық сақталады

Бүгін еліміздің кей аумағында қатты жел соғып, жаңбыр жауады
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің оңтүстік жартысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел, күндіз бұршақ пен дауыл болады. ҚР қалған бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл соғады», - делінген хабарламада.

Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз Ақмола облысының шығысында, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық болады, Атырау облысында қатты ыстық сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.