21.09.2022, 12:17
Жаңалықтар
Мизам шуақ: алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы жылы болады
Түнгі уақытта ауа температурасы салқындайды
«Қазгидромет РМК» алдағы үш күнде еліміздегі ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«22-24 қыркүйек аралығында Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы сақталады. Тек республиканың батыс өңірлері мен оңтүстік-шығысындағы тау бөктеріндегі аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейед», - деп болжайды синоптиктер.
Түнгі уақытта ауа температурасы әлі де салқын болғанымен, термометр бағандары күндізгі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша 20-34 градус шегінде сақталады.
Еліміздің батысында ғана ауа температурасы аздап төмендейді.
Көп оқылған
26.04.2026, 11:33
Ақмола облысында 70 тонна шөп өртеніп кетті
26.04.2026, 06:23
Астанада Есіл өзені бойындағы серуендер қайта жанданады
26.04.2026, 10:06
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды
26.04.2026, 10:36
Вашингтондағы атыс: Дональд Трамп шұғыл эвакуацияланды