Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Azattyq Rýhy

Республика бойынша  жел күшейеді

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағайлы жаңбыр сақталады.

Республика бойынша  жел күшейіп, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман түседі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.