Алдағы аптада қар жауады – «Қазгидромет»

Azattyq Rýhy

«Қазгидромет» келесі аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Алдағы аптада қар жауады – «Қазгидромет»
Фото: freepik.com

Синоптиктердің болжамынша, 20-26 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, тек кей күндері жауын шашынсыз ауа райы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Смағұлова ОКҚ алаңында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 3%-ды құрайды. Қар жамылғысы негізінен Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының жыраларында, орманды және таулы аймақтарында сақталған.

«Жаңбыр жауады, кезеңнің басы мен ортасында Шығыс Қазақстан облысында, кезең аяғында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнгі сағаттарда жаңбыр қарға ұласады (20, 22-24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 25-26 сәуірде Қостанай, Павлодар облыстарында, 25 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарында. Қатты жаңбыр 23, 25 сәуірде Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында жауады деп болжануда», - деді «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Смағұлова.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.