Құны 230 млн теңге тұратын майнингтік ферманы Қазақстаннан Ресейге заңсыз әкетуге тырысқан

Сот шешімімен барлық жүк мемлекет кірісіне тәркіленді

Құны 230 млн теңге тұратын майнингтік ферманы Қазақстаннан Ресейге заңсыз әкетуге тырысқан
Фото: ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Қостанай облысында құны 230 млн теңге тұратын майнингтік ферманы Ресейге заңсыз әкетуге тырысқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде құны 230 млн теңгеден асатын криптовалюта өндіруге арналған жабдықты Ресей Федерациясына заңсыз әкетпек болған.

«2023 жылдың қараша айында Қазақстанда тіркелген «А» ЖШС 640 серверді шетелге шығаруға тырысты. Осы оқиға бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабымен әкімшілік іс қозғалып, қазіргі уақытта аяқталды. Сот шешімімен барлық жүк мемлекет кірісіне тәркіленіп, 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.