ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2,4 мың адамнан коронавирус анықталды

Үш сағатта жүз адам келді – бақылаушы ШҚО-ғы ауылда сайлау қалай өтіп жатқанын айтты

Қазақстанның 14 облысында ауыл әкімдерін сайлау өтіп жатыр

Бүгін Қазақстанның барлық облысында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер мен ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Шығыс Қазақстан облысына қарасты Абай ауданы Архат ауылдық округінде де халық өз әкімін таңдап жатыр.  

Сайлауда алғаш рет бақылаушы болып жатқан Сабыр Серікжанұлының айтуынша, Архат тұрғындары сайлау учаскесіне таң атпай келіп, белсенділік көрсеткен.

«Ауыл тұрғындары әкімдерін алғаш рет өздері таңдап жатқандықтан белсенділік өте жақсы. Біздің ауылдан әкім болуға үш үміткер таласып жатыр. №299 cайлау учаскесіне таңғы 7:00-ден бері 100-ге жуық адам келіп дауыс беріп кетті. Комиссияның бес мүшесі бәрін бақылап отырмыз, ешқандай заң бұзушылық болып жатқан жоқ. Карантин талаптары да қатаң сақталуда», - деді бақылаушы.

Айта кетейік, ауыл әкімдерін сайлау еліміздің 14 облысында – 730 сайлау округіндегі 1 847 участкеде өтіп жатыр. Сайлауға қатысуға барлығы 2 297 кандидат тіркелген. Олардың 1 419-ы өзін өзі ұсынғандар болса, 878-і саяси партиялардың атынан қатысуда. Кандидаттардың 1 839-ы – ер адамдар, 458-і – әйелдер.