ШұғылКоронавирус пен пневмониядан тағы 58 адам көз жұмды

«Талибан» жаңа үкімет жасақтады

Тәлібтер әр салаға жауап беретін басшылардың құрамын жария етті

Фото: ашық дереккөзден

«Талибан» жаңа үкімет жасақтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министрдің міндетін Мохаммад Хасан Ахунд атқарады. Ал Қорғаныс министрі болып «Талибан» қозғалысының негізін қалаушының ұлы тағайындалды.

Бұдан бөлек, Сыртқы істер, мәдениет және ақпарат, білім беру, экономика министрлері белгілі болды. Сондай-ақ елдегі орталық банкке жаңа басшы тағайындалды. Ауған билігін басып алған тәлібтер жаңа үкіметті жасақтауды екі апта бұрын бастаған.  

Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.