Мемлекет басшысы ТМД елдері басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады

Отырыс бейнебайланыс режимінде өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазан күні Беларусь Республикасының төрағалығымен бейнебайланыс режимінде өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады.

ТМД елдерінің басшылары Достастық аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жағдайы мен перспективаларын талқылайды. 2022 жылы ТМД ұйымына Қазақстан төрағалық етеді», - деп жазды Берік Уәли.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.