ЕО қаржыландырмаса Польша миллиардтаған қаржысын жоғалтады

Егер ЕО Польшаға көрсетіп отырған көмегін кешіктірсе немесе қысқартса, онда бұл валюта мен ел экономикасына қатты әсер етеді

ЕО қаржыландырмаса Польша миллиардтаған қаржысын жоғалтады
Фото ашық дереккөзден

Мұндай шаралар Польша заңдарының еуропалық заңдарға қарағанда үстемдігін мойындаған Польша Конституциялық сотының шешімінен кейін қабылдануы мүмкін.

Болжам бойынша "қолайсыз сценарий" орын алған жағдайда қаржыландыру 2023 жылдың соңына дейін тоқтатылады, содан кейін қайта басталады. Экономист Матеуш Урбанның айтуынша, злотый келесі жылдың бірінші жартысында долларға қатысты 12 пайыздан артық жоғалтуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл инфляцияны күшейтеді, деп болжайды ол.

Урбанның айтуынша, ЖІӨ өсуі алдағы екі жылда 1,4 пайыздық тармаққа төмендеуі мүмкін, ал 2026 жылға дейін өндірістік шығындардың жалпы көлемі 170 миллиард злотыйды құрайды, бұл экономикалық өндірістің сегіз пайызына тең. Польша ЕО-дан шығуы мүмкін деген белгілер нарықтағы тұрақсыздықты арттырады, дегенмен бұл мүмкіндік "екіталай"дейді сарапшы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.