Тайтөбеде «Ақмола жұлдыздары» анықталды

Azattyq Rýhy

Жас өнерпаздар жарысына алты жүзге жуық бала қатысқан

Тайтөбеде «Ақмола жұлдыздары» анықталды
Фото: Қосшы қаласының әкімдігі

Қосшы қаласы Тайтөбе ауылында жаңадан ашылған мәдениет ошағында  Жошы ұлысының 800 жылдығы, Біржан салдың 190 жылдығы, Балуан шолақтың 160 жылдығы, Ақмола облысының 85 жылдығына орай өткен «Ақмола жұлдыздары» қалалық байқауының іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Байқауға қаладағы шығармашылық орталықтарының 600-ге жуық өнерпаздары қатысты. Байқауға қатысқан жас өнерпаздар вокал (дәстүрлі ән), (эстрадалық ән), аспапта ойнау (жеке, ансамбль), хореография, заманауи би, ұлттық би номинациялары бойынша жарысқа түсті.

«Ақмола жұлдыздары» іріктеу  байқауы өте жоғары деңгейде өтті.  Осы іріктеу сайысында Қосшы қаласының және Тайтөбе ауылының 600-ге жуық өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан байқауға қатысатындар саны өсіп жатыр. Қазір талантты әрі дарынды балалар мен жасөспірімдер өте көп. Олардың өнерін ұштап, қанатын қатайту бағыттарында осындай жұмыстар жалғаса бермек. Енді негізгі байқау алдағы мамыр айының 14-і күні Қосшы қаласында өтеді», - дейді Тайтөбе Мәдениет үйінің директоры, республикалық байқаулардың лауреаты Нұриддин Оспанов.

Байқау нәтижесі бойынша вокал (дәстүрлі ән) номинациясының бас жүлдесін- Серік Нұрай, І орын - «Өнер» жас таланттар академиясының вокалдық тобы, ІІ орын - Тілек Пәкжан, ал ІІІ орын - Бахтияр Естияр иеленді. Ал вокал (эстрадалық ән) бағытта бас жүлде - Раджан Нұрайымге бұйырды.  І орын - Сәбитбек Аяна,ІІ орын - Әлиханова Жамила, ІІІ орын - Уақит Раян өзара бөлісті. Аспапта ойнау (жеке) бас жүлде - Кәрімхан Нұралы, І орын - Ермекұлы Ұлан, ІІ орын - Ермахан Дінмұхаммед, ІІІ орын - Нұрғамит Сұлтанәлі. Аспапта ойнау (ансамбль) бас жүлде - «Өнер» жас таланттар академиясының домбырашылары, І орын - «Білімді» оқу-орталығының домбырашылары, І орын - «Өнер» жас таланттар академиясының домбырашылары, ІІ орын - «Дала сазы» домбырашылар ансамблі, ІІІ орын - «Jana beles» балаларды дамыту орталығының домбырашылары болды.

Хореография бойынша сынға түскендерге де бәсеке жоғары болды. Заманауи би номинациясының бас жүлдесін «Jana beles» балаларды дамыту орталығының би тобы мен «Тұмар» би тобы  өзара бөліп алды. Ал бірінші орынды бірден 3 ұжым жеңіп алды, олар: «Еркетай» би тобы, «Кербез» би ансамблі, «Кәусар» би ансамблі,  ІІ орын - «Назбике» би тобы, ІІІ орын - «Нұрай» би ансамблі. Жекелей сында Уақит Раян мен Бақберген Лашын  жүлделі орындардан көрінді.

Айта кетейік, биыл жыл басында Қосшы қаласының Тайтөбе ауылында Мәдениет үйі ашылды. Ауыл тарихында алғаш рет ашылған мәдениет нысанының тұсауын Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов пен ақсақалдар кеңесінің мүшесі Асылхан Байкенов ақсақал кескен еді.

Сыйымдылығы екі жүз орынға арналған ғимаратта мәдениет пен руханиятты дамыту үшін кітапхана, концерт залы, коворкинг, көрме және жәрмеңкелер үшін арнаулы орындар, сондай-ақ Тайтөбе таланттыларының талабын ұштайтын домбыра, эстрадалық вокал, би өнерінің үйірмелері тегін жұмыс  істеп тұр.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.