ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2,4 мың адамнан коронавирус анықталды

Токио-2020: теннисшілер Александр Бублик пен Зарина Дияс бірінші айналымда жеңіліп қалды

Бұған дейін Елена Рыбакина екінші айналымға шыққан болатын

Olympic.kz

Токио Олимпиадасын қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Зарина Дияс жалғастыра алмайды. Екеуі де бірінші айналымда жеңілді.

Александр Бублик әлемнің екінші ракеткасы ресейлік Даниил Медведевпен кортқа шыққан. Матч 1 сағат 41 минутқа созылып, 2:0 есебімен (6:4, 7:6) аяқталды.

Зарина Дияс болса чех Барбора Крейчиковаға жол берді. Қазақстандық теннисші бірінші сетті аяқтамай жатып жарыстан бас тартты. Бұл сәтте есеп 5:2 болатын.

Айта кетейік, Крейчикова WTA рейтингінде 11-орында болса, Дияс 99-шы сатыда.