ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2,4 мың адамнан коронавирус анықталды

Токио-2020: Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы медальды салды

Қазақстан қоржынында қола медаль бар

Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов қола медаль үшін болған белдесуде нидерландық Торнике Тсакодеаны жеңді. Осылайша ол Қазақстан қоржынына Токио Олимпиадасындағы алғашқы медальды салды.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз жартылай финалда жапон Наохису Такатаға жеңіліп қалған болатын. Оның алдында алдымен түрік палуанын, ширек финалда кореялық дзюдошыдан басым түскен.

Еске салайық, бүгін жарыс жолына қазақстандық Отгонцэцэг Галбадрах та шыққан болатын. Ол бірінші белдесуін қытайлық спортшыға жеңіліп қалды.