ШұғылКоронавирус пен пневмониядан тағы 58 адам көз жұмды

Токио-2020: Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартты

Бүгін жарыс жолына Кукушкин мен Шведова шығады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық тағы бір теннисші жарысты жалғастырудан бас тартты. Юлия Путинцева жарақатына байланысты енді алғашқы айналымнан өте алмады.

Жерлесіміз бірінші айналымда аргентиналық Надя Подорошкамен кездескен болатын. Бірінші сет 6:7 есебімен Аргентина теннисшісінің пайдасына шешілді. Екінші сетте Путинцева 3:1 есебімен алда тұрған. Алайда, денсаулығына байланысты ол жарысты жалғастырудан бас тартты.

Еске салайық, кеше қазақстандық теннисші Зарина Дияс та бірінші айналымдағы кездесуін соңына дейін ойнай алмады. Бірінші сеттің соңында ол жарыстан бас тартты.