Ақмола облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты

Оқу апта соңына дейін онлайн режимге өтеді

Ақмола облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты

Ақмола облысы Зеренді ауылының мектебінде 40 шаршы метр алаңда жаттықтырушы кабинеті өртенді, жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Өрт 02.05-те ауыздықталып, 15 минут ішінде сөндірілді. Өрт алаңы 40 ш.м. құрады, өрт кезінде жаттықтырушының бөлмесі бүлінген. Өрттің себептері анықталуда», - делінген ведомство хабарламасында.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті барлық тұрмыстық электр аспаптарының ақаусыздығы мен тазалығын бақылау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, электр құрылғыларын орнатуға және оларды жөндеуге тек мамандарды тартуды ұсынады. Тек осы жағдайларда ғана электр құрылғыларынан өрттің шығу мүмкіндігі болмайды.

Білім басқармасының ақпараты бойынша, «Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқу үдерісі апта соңына дейін онлайн режимге өтеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.