Оралда 10 жасар қыз көлік астына түсіп қаза болды

Жүргізушінің масаң күйде болмағаны анықталды

Оралда 10 жасар қыз көлік астына түсіп қаза болды

Оралда кәмелетке толмаған жасөспірім жол-көлік оқиғасынан көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазан күні сағат 10.00-де Toyota Prado автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Кердері көшесі бойында 10 жасар қыз баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім түрлі жарақаттармен Орал қаласының Облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізіліп, алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Жүргізілген медициналық куәландыру бойынша жүргізушінің масаң күйде болмағаны анықталды.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жайларды анықтау барысында жасөспірімнің дүкеннен үйіне жалғыз қайтып келе жатқаны белгілі болды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.