«Менің де өмір сүргім келмейді»: Алматыда суицид жасаған келіншектің күйеуі отбасы туралы айтты

Azattyq Rýhy

Үш баланың үлкені алты жаста

«Менің де өмір сүргім келмейді»: Алматыда суицид жасаған келіншектің күйеуі отбасы туралы айтты

Алматыда көппәтерлі үйдің тоғызыншы қабатынан балаларымен бірге секірген келіншектің күйеуі сұхбат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Informburo ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Оразовтың айтуынша, олар бақытты өмір сүрген, ал әйелі суицид жасаған күні ол үйінде болмаған екен.

«Біз бақытты өмір сүрдік. Бірақ жұмыссыз едік. Әйелім үйде балалармен отырды. Ал мен қара жұмысшымын, базарда жұмыс істедім. Қазір еш жерде жұмыс істемеймін. Оқиға болған уақытта үйде болған жоқпын», - деді ол.

Оның айтуынша, әйелінің мұндай қадамға баруына ешқандай себеп болмаған. Өйткені отбасында бәрі жақсы болды. Олар Алматыда алты жыл тұрған екен.

«Біз тұрғын үйді жалға алдық, жалақымыз аз болды. Ата-анамыз да жұмыссыз, үйде, олар Шымкентте тұрады. Менде білім жоқ. Бізде ешнәрсеміз жоқ, әлеуметтік көмек те берілмеді. Қатаң карантин болған кезде де көмек сұрадық, бірақ бізге берілмеді. ХҚО-ға, әкімдікке, әйелім барлық жерге жүгінді. Олардың бәрі көмек көрсетуден бас тартты. Үш балам бар еді, кіші ұлым екі жаста, үлкені алты жаста және ортасындағы қызым бес жаста болды. Енді олар жоқ. Қазір менің де өмір сүргім келмейді», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.