Астанада 8-сынып оқушысы мектепте төртінші қабаттың терезесінен секіріп кетті

Azattyq Rýhy

Қазір оқыс оқиғаға не түрткі болғаны анықталып жатыр

Астанада 8-сынып оқушысы мектепте төртінші қабаттың терезесінен секіріп кетті
Фото: istockphoto.com

Бүгін, 17 сәуірде Астанадағы  № 72 мектеп-лицейдің сегізінші сынып оқушысы білім ордасының төртінші қабатындағы терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласы білім басқармасының хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі шақырылды, қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр.

«Зардап шеккен жасөспірімнің миы шайқалған, кеуде және қарын тұстында жарақаттары бар, оң иық асты сүйегі мен оң аяғы сынған. Жалпы жағдайы ауыр (алған жарақаттарына байланысты), тұрақты деп бағаланады. Баланың жағдайы дәрігерлердің бақылауында», - делінген хабарламада.

Қазір оқыс оқиғаға не түрткі болғаны анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.