ШұғылКоронавирус пен пневмониядан тағы 58 адам көз жұмды

Биыл Қазақстанда қайтыс болғандар саны күрт артты

Бір жасқа дейін шетінеген нәрестелер саны 12%-ға өскен

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың қаңтар  -маусым аралығында Қазақстанда қайтыс болғандар саны бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 76,6 мың адамға (17,8%) дейін өсті. Оның ішінде ауылдарда қайтыс болғандар саны 12,2%-ға, (28,5 мың адамға дейін), қалаларда 21,5%-ға (48 мың адамға) дейін өсті. Бұл туралы статистиканы finprom.kz жариялады.

Қайтыс болған ер адамдар саны – 41 мың (бір жылда 16,5%-ға өсті), әйел адамдар саны – 35,6 мың (бір жылда 19,4%-ға өсті).

Өңірлерде өлім-жітім көрсеткішінің ең көп саны Алматы облысында тіркелді – 8,1 мың адам. Бұл 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 20,2%-ға көп.

Қайғылы статистика Шығыс Қазақстан облысында (8,1 мың адам қайтыс болды, бір жылда 18,3%-ға өсті) да, Алматы қаласында (7,7 мың адам қайтыс болды, бір жылда 33,4%-ға өсті) да күрт артты.

Биыл еліміздің 17 өңірінің ешбірінде өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуі анықталған жоқ. Қайтыс болғандардың ең жоғарғы көрсеткіші Алматы облысында, ең төмені Қызылорда облысында (1,6%-ға, бір жылда 2,4 мың адамға дейін) тіркелді.

Өлім-жітім себептері бойынша ең жиі кездесетіні – қан айналымы жүйесінің аурулары: 24,2% жағдай (18,6 мың адам). Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 18,6%-ға артық. Оның ішінде жүректің ишемиялық ауруынан 6,6 мың адам, мидың қантамыры зақымдануынан 6,2 мың адам, гипертониялық аурудан 529 адам қайтыс болды. Ал қатерлі ісіктерден 7 мың адам қайтыс болды.

Сонымен қатар өлім-жітім себептерінің тағы бірі – тыныс алу органдарының аурулары. Жарты жылда 7,9 мың адам қайтыс болды — бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,5%-ға көп), олардың арасында тұмау және пневмониядан 2,3 мың адам қайтыс болды.

Бұдан басқа, 2021 жылдың қаңтар-маусым аралығында бір жасқа дейінгі сәбилер арасында өлім көрсеткіші 12%-ға (1,7 мың) күрт өсті. Қайтыс болғандардың арасында 937-сі – ұл бала, 751-і – қыз бала.

Нәрестелер арасында өлім көрсеткішіне себеп – перинаталды кезеңде пайда болатын жағдайлар: 932 өлім. 335 нәресте туа біткен ауытқулардан, 72-сі жұқпалы және паразиттік аурулардан қайтыс болды.