ШҚО-да үйінде қарасора өсірген ауыл тұрғыны ұсталды

Azattyq Rýhy

Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ШҚО-да үйінде қарасора өсірген ауыл тұрғыны ұсталды

Глубокое ауданының тұрғыны үйінде қарасора өсірген, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Осы жылдың ақпан айының басында Глубокое аудандық ПБ қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз культивациялау фактісін анықтады.

28 жастағы аудан тұрғынының үйін тінту барысында бұл факт расталды. Ыдысқа егілген өсімдіктің 5 түбі, жасыл түсті өзіне тән иісі бар және кептірілген сабақтар мен жапырақтар түріндегі жасыл зат тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған бұталар «қарасора» өсімдігі болып саналады және есірткі заттарына жатады. Оның жалпы салмағы – 1712,40 грамм.

Күдікті егілген өсімдіктерді жеке пайдалану мақсатында өсіргені анықталды.

Қазіргі уақытта оған қатысты келу міндеттемесі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі – «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.