Ұлыбритания Украинадағы ресейлік жауынгерлерге қарсы әскери жойғышты қолданбайды

Azattyq Rýhy

Ұлыбритания Украинаға әскери техника жағын қамтамасыз етуде көмек көрсетеді

Ұлыбритания Украинадағы ресейлік жауынгерлерге қарсы әскери жойғышты қолданбайды
Көрнекі фото

Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес BBC ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында ағылшын елі Украинаның үстінен ұшақ ұшпайтын аймақ құру ұсынысына қосылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Уоллес мұндай шешімді Украинаның НАТО-ға мүше емес екендігімен байланыстырды.

«Ұшқышсыз аймақ құру үшін британиялық жойғышты тікелей ресейлік әскери әуе күшіне қарсы жіберуге тура келеді. Мұндай жағдайда НАТО іс жүзінде Ресейге соғыс жариялайтын еді», - деді Бен Уоллес BBC-ге берген сұхбатында.

Дегенмен Ұлыбритания тарапы Украинаға әскери техника жағын қамтамасыз етуде көмек көрсететінін жеткізді.

«Мен еуропалық соғысты бастамаймын. Бірақ Украинаға көмектесеміз, біз жеткізе алатын кез келген техникамен оның көшелерін қорғауға дайынбыз» - деді Уоллес.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.