Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Azattyq Rýhy

Ол бұзақылық жасағаны үшін істі болған

Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

«Шетелдік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық іздеуде болған ер адамды Абай облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады.

«Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде», - деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.