Заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер ел аумағынан мәжбүрлеп шығарылды

Azattyq Rýhy

Олардың тиісті рұқсатсыз және құжатсыз болғаны және жұмыс істегені анықталды

Заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер ел аумағынан мәжбүрлеп шығарылды
Фото: Polisia.kz

Ұлытау облысы ПД қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында облыс аумағында 16 шетел азаматының еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғанын анықтады. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс аумағында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктердің ішінде Өзбекстан Республикасының жеті азаматы және Тәжікстан Республикасының тоғыз азаматы бар. Бұл шетелдіктердің Сәтбаев қаласында тиісті рұқсатсыз және құжатсыз болғаны және жұмыс істегені анықталды.

Шетелдіктер ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот қаулысымен шығарылған талапты орындамай, Сәтбаев қаласында заңсыз жұмыс істеген.

Одан бөлек Тәжікстан Республикасының екі азаматы Алматы қаласының соты шығарған қаулының талаптарын орындамай, жауапкершіліктен жалтарғаны анықталды.

Шетелдік азаматтарды заңсыз еңбек қызметіне тартқан жұмыс берушілер де заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылғанын атап өткен жөн. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында барлық шетел азаматтары ел аумағынан мәжбүрлеп шығарылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.