ҰҚК бірнеше қалада экстремистік ұйымға қатысы бар күдіктілерді ұстады

Azattyq Rýhy

Олардан діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды

Астана және Павлодар қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен өзара әрекеттесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен 2-3 мамыр күндері Қазақстанның 3 азаматын ұстады. Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікке ілінді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі ҚР ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

«Күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған.

Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.